29 сәуір, жұма күні Қазақстанның сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен Украинаның сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба телефон арқылы сөйлесу кезінде Мәскеу мен Киев арасындағы келіссөздердің перспективасына қатысты мәселелерді талқылады.
Бұл туралы жұма күні Қазақстан СІМ баспасөз қызметі хабарлады.
«Тараптар Украинадағы қазіргі жағдайды және Киев пен Мәскеу арасындағы келіссөздер перспективасын, сондай-ақ екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады», — делінген хабарламада.
Аталып өткендей, Украина тарапының бастамасымен телефон арқылы сөйлесті.