Последние новости Казахстана и Алматы – свежие на сегодня
               Қазақстан және Алматының басты жаңалықтары
  • Құпиялылық саясаты
  • oqu.news компаниясы туралы

Последние новости Казахстана и Алматы – свежие на сегодня

  • Маңызды
  • Әлем
  • Оқиғалар
  • Экономика
  • Қоғам
  • Саясат
  • Пікірлер
  • Арнайы жобалар
  • COVID-19
RU

Қазақстан мен Түркия арасындағы тауар айналымын ұлғайту ұсынылды

11 мая 11:48 / Опубликовано в Экономика

ҚР мен Түркия арасындағы тауар айналымы $10 млрд дейін артуы мүмкін. Еліміздің президенті Қ.К. Тоқаев осындай ұсыныс жасады.

Түркия президентінің резиденциясында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайып Ердоғанның ресми делегациялар мүшелерінің қатысуымен келіссөздер өтті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Тараптар Қазақстан мен Түркия арасындағы стратегиялық серіктестікті одан ары дамытудың перспективаларын жан-жақты талқылады. Сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтуға ерекше көңіл бөлінді.

Түркия – Қазақстанның негізгі 5 сауда серіктесінің бірі. Алыс-берісіміз жылдан жылға артып келеді. Мысалы, 2021 жылы 5 миллиард долларға жеткен. Осы қарқынды азайтпай, сауда-саттықты 10 миллиард долларға жеткізуіміз керек. Бұдан бөлек, Түркия Қазақстанның ең ірі 10 инвесторының қатарында. Экономикамызға 4 миллиард доллардан астам инвестиция құйды. Қазақстанның Түркияға салған капиталы – 1 миллиард доллардан астам. Соңғы екі жылда Қазақстанда 16 инвестициялық жоба жүзеге асырылды. Қазір 10 жаңа жоба пысықталып жатыр. Қазақстанда жасыл экономика, IT-технология, ғарыш, өндіріс сияқты салалар толық игерілмеген. Сіздерді осы салаларда бірлесе жұмыс істеуге шақырамын. Біз түрік инвесторларының барлық бастамасын қолдауға және оларға қолайлы жағдай жасауға дайынбыз. Мен ертең Түркияның ірі инвесторларымен кездесетін болдым. Онда инвестициялық ынтымақтастықты дамытудың жолдарын талқылаймыз. Кездесудің қорытындысы бойынша бірқатар коммерциялық келісім-шарттарға қол қойылады. Олардың жалпы сомасы 1 миллиард доллар болмақ, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Түркия Президенті екі ел арасындағы қарым-қатынасты жаңа деңгейге көтеруге әзір екенін атап өтіп, Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформаларды қолдайтынын айтты.

Поделиться ссылкой:

  • Twitter
  • Facebook

Понравилось это:

Нравится Загрузка...

Похожее

  • Tweet
Tagged under: Режеп Тайып Ердоған, тауар айналым, Түркия, Қазақстан, Қасым-Жомарт Тоқаев

Читать ещё

Сбылся прогноз Всемирного банка: ВВП Казахстана снизился на 3%
Тұрғын үй нарығында жасалған келісімдер саны 90%-ға өсті
Қазақстанда доллар бағамы өсуде

Добавить комментарий Отменить ответ

соңғы жаңалықтар

  • Қазақстандағы яесейлік банктердің есепшоттарында 9,2 млрд теңге бұғатталған

    Қазақстан аумағындағы ресейлік еншілес банктерд...
  • Франция СІМ Украинаның ЕО-ға қосылуы 20 жылға созылады деп хабарлады

    Франция Сыртқы істер министрлігінің өкілі Украи...
  • Қазақстан бойынша 23 мамырға арналған ауа райы болжамы

    Бүгін, 2022 жылғы 23 мамырда бүкіл Қазақстан ау...
  • Деназияландыруға Украинадан басқа аймақтарға қосылуы мүмкін дейді сарапшылар

    Батыстық саясаттанушылар Ресей Украинамен соғыс...
  • Найзағай жасөспірімді мерт қылды

    Ақтөбеде екі адамға найзағай түсті. Олардың бір...

соңғы жаңалықтар

    [email protected] tel:+7 747 341 6619

    Байзакова 280, Алматы 050000

    • Маңызды
    • Әлем
    • Оқиғалар
    • Экономика
    • Қоғам
    • Саясат
    • Пікірлер
    • Арнайы жобалар
    • COVID-19
    • Құпиялылық саясаты
    • oqu.news компаниясы туралы
    Вверх
    %d такие блоггеры, как: