Кеңес уақытында Қазақстан ядролық қарудың ірі базасы болды — тәуелсіздігін алғанда республика аумағында қуаты жағынан әлемдегі төртінші ядролық арсенал қалды. Қазақстанда билік басында отырғандар ядролық қаруды ел аумағында қалдыру немесе одан құтылуды ойлап бас қатырды. Қазақстан үкіметінің бірінші кезекте шешілуі керек болған мәселе: Қазақстанның егемендігін нығайту үшін іс-қимылдың қандай бағытын таңдау керек?
ҚР Үкіметі ядролық қарудан бас тарту туралы шешім қабылдады. Қазақстан билігінің саясаты мен әлемдік қоғамдастық, әсіресе АҚШ тарапынан көрсетілген қолдаудың арқасында осы мәселе халықаралық қауіпсіздік пен тұрақтылық үшін сәтті шешілді. АҚШ «Қауіп-қатерді бірлесіп азайту бағдарламасы» шеңберінде ядролық, химиялық және биологиялық қару қорларын жою үшін қаржы бөлді.
Осылайша, Қазақстан қуаты жағынан төртінші ядролық арсеналдан өз еркімен бас тартып, уақыт өте келе ядролық қарусызданудың жаһандық көшбасшысы болды.
АҚШ пен Қазақстан осы мәселе бойынша әлі күнге дейін белсенді әрі жемісті ынтымақтастықты жалғастыруда. Осылайша, АҚШ-тың қолдауымен Қазақстанда былтыр Өскемендегі дағдарысқа қарсы оқу орталығының құрылысы аяқталды. Бұл орталық адамдарды Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін қалған ядролық нысандардан қорғауға арналған.