Қазақстан мен Ресейдегі ядролық қару: екі ел — екі позиция

Бүгінде тәуелсіз Қазақстан — өзіндік артықшылығы мен позициясы бар табысты мемлекет. Семей ядролық полигоны 1949-1989 жылдар аралығында сынақ жүргізу үшін ашылды. 1989 жылы 19 қазанда 1365 ұңғымасында соңғы ядролық сынақ жүзеге асырылды, онда бір мезгілде үш «арнайы бұйым» жарылды. Полигон 1991 жылы жабылған.

Қазақстан көптен күткен тәуелсіздігін алғаннан кейін ел үкіметі ядролық держава мәртебесінен бас тартып, ядролық қарудан құтылу туралы шешім қабылдады. Осылайша, Қазақстан бүкіл әлемге өз позициясын көрсетті.

Президент Тоқаев басқарып отырған ҚР-ның қазіргі басшылығы алдыңғы үкіметтің ядролық қаруға қарсы бастамаларды ілгерілетуге және халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға негізделген саясатын жалғастыруда.

Қазақстан ядролық қарудан бас тартқан соң егемендігі мен қауіпсіздігіне қатысты мәселеге бетпе-бет келді. ҚР ядролық қаруы бар Ресей мен Қытаймен шектеседі. Қазақстан осы елдерден төнуі мүмкін ықтимал қауіп-қатерге баса мән беруге тура келді. РФ 1994 жылы Будапешт меморандумына қол қойып, басқа елдермен қатар көршісінің де егемендігі мен аумақтық тұтастығын құрметтеуге кепілдік берді.

Фото: Қазақстан мен Ресейдің ядролық держава мәртебесіне қатысты көзқарасы екіге жарылады

«Бүгінде РФ басқа елдерге қатысты сыртқы саясатын айтарлықтай агрессивті жүргізеді. Сондай-ақ, Қазақстан үкіметі мен халқы ресейлік саясаткерлер тарапынан ҚР аумақтық тұтастығына қатысты тікелей шабуылдарға ұшырап жатыр. Ресейлік саясаткерлердің мәлімдемесін Орталық Азия елдерінің егемендігіне нұқсан келтіру әрекеті деп қабылдаса болады. Мұндай көршілестік қатынасты Нұр-Сұлтан үшін тиімді деп айта алмаймыз», — деп мәлімдеді батыс саясаттанушылар.

Сондай-ақ, ҚР-ның солтүстіктегі көршісінің ядролық қаруға қатысты позициясы басқаша екенін атап өткен жөн. Мәселен, Мәскеу Ядролық қаруға тыйым салу туралы шартты қолдамайды, алайда басқа елдердің ядролық қарусыз әлем құру мақсатын құптайды. Сондай-ақ, Ресей көшбасшысы 2021-2025 жылдарға арналған РФ қарулы күштерінің негізгі міндетін айқындады, ол жаңа және перспективалы жауынгерлік техникаға қайта қаруланудың жоғары қарқыны болып табылады.

Добавить комментарий