Қазақстан мен Ресей коронавирусқа қарсы ваакцинацияға «Спутник Лайт» препаратты жеткізу бойынша келіссөздер жүргізіп жатыр.
Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлады.
«Біз бұл мәселені пысықтап жатырмыз. Ресейлік әріптестерден «Спутник Лайт» вакцинасын жеткізу мүмкіндігін сұрадық. Бұл, негізінен, сол «Спутник V» — тек бөлек бірінші компонент», — деп мәлімдеді ведомство басшысы Алексей Цой.
Оның айтуынша, екінші тараптан коммерциялық ұсыныс түскен соң сатып алу жөнінде келіссөздер басталады.
«Біз Ресейден екпенің қанша көлемін бере алатынын сұрадық, себебі олар да өз нарығын қамтамасыз етеді. Коммерциялық ұсыныс алғаннан кейін осы мәселені талқылайтын боламыз. Бізге қазір көп екпе қажет емес. Жыл соңына дейін бізде ревакцинация үшін вакциналар жеткілікті, олар ел ішінде бар. Негізінде жыл соңына дейін ревакцинацияға вакцина жеткілікті, ел ішінде бар», — деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрі.
Ол сондай-ақ Қарағанды фармкешені «Спутник Лайт» вакцинасын шығара ала ма деген сұраққа жауап берді.
Ол жерде тәжірибелік партия өндірілді, қазір шығару мәселесі пысықталуда. Әдетте технологияны сынап, іске қосып, содан кейін тікелей Гамалея даму институтымен сынау керек. Менің білуімше, ол жерде сынақтардың алғашқы лектері сәтті өтті, яғни олар көрсетілген талаптарға сәйкестігін растады..