Қазақстан мен Ресей СІМ басшылары телефон арқылы күн тәртібіне қатысты пікір алмасты

Бүгін Ресей тарапының бастамасы бойынша Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен телефон арқылы сөйлескені белгілі, деп хабарлады сыртқы саяси ведомствоның баспасөз қызметі.

Телефон арқылы сөйлесу барысында ағымдағы жылы өтетін екіжақты және көпжақты іс-шаралардың күн тәртібі бойынша жан-жақты пікір алмасылды.

Мұхтар Тілеуберді әріптесін Қазақстан Республикасының БҰҰ, ТМД, ШЫҰ, ҰҚШҰ және басқа да халықаралық бірлестіктер қызметінің өзекті бағыттары бойынша ұстанымы туралы хабардар етті.

Тараптар алдағы жоғары және аса жоғары деңгейлердегі мемлекеттік кездесулерге дайындыққа ерекше назар аударды.

Диалог дәстүрлі түрде сындарлы және сенімді түрде өтті.

Добавить комментарий