Ресеймен шекарадағы су тасқынына байланысты «Желкуар» автомобиль өткізу пункті уақытша жабылды
Қостанай облысындағы орын алған су тасқынына байланысты 29 наурыздан бастап «Желқуар» автомобиль өткізу пунктінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізу уақытша тоқтатылды.
Шешім өзендегі су деңгейінің жоғары болуына байланысты қабылданды, бұл жолаушылар мен көлік құралдарына қауіп төндіруі мүмкін.
Өткізу пункті Қостанай облысы Жітіқара ауданы аумағындағы Ресей Федерациясының Челябинск облысының ресейлік «Мариинский» өткізу пунктіне қарама-қарсы орналасқан.
Шекара қызметі адамдарды су тасқыны жағдайы тұрақтанғанға дейін осы ауданда шекараны кесіп өтпеуге шақырады.