Қазақстан мен Ұлыбритания әскери ынтымақтастық жоспарына қол қойды

Қазақстан мен Ұлыбритания Қорғаныс министрлігі әскери ынтымақтастық мәселелерін талқылады және іс-қимыл жоспарына қол қойды.

Халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы полковник Олжас Құсайынов Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы әскери атташесі подполковник Роберт Джеймс Бакстермен кездесті.

Тараптар екі ел арасындағы әскери ынтымақтастық жоспарлы түрде қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Полковник Олжас Құсайынов подполковник Роберт Джеймс Бакстерге Қарулы күштердегі тілдік даярлықты жетілдіруге көмектескені үшін ризашылығын білдірді. Бұл ретте «Бітімгерлерге арналған ағылшын тілі» жобасын британдық тарап ұйымдастырғанын айта кету керек.

Келіссөздер барысында әскери білім беру, жауынгерлік даярлық, киберқауіпсіздік мамандарын оқыту саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан мен Ұлыбританияның қорғаныс ведомстволары арасындағы 2022-2023 жылдарға арналған ынтымақтастық жоспарына қол қойылды.

Добавить комментарий