Қазақстан мен Армения вакцинация паспорттарын өзара тану туралы жариялады

Қазақстан мен Армения корнавирустық инфекцияға қарсы вакцинация паспорттарын өзара тану туралы жариялады.

Аталған шешім Қазақстан мен Арменияның денсаулық сақтау министрліктері басшыларының кездесуі кезінде жарияланды, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.

Армения вакцинациялау паспорты Қазақстанда танылған 17-ші мемлекетке айналды.

«ҚР аумағында келесі елдерде берілген азаматтардың КВИ-ға қарсы вакцинациялаудың паспорттары/сертификаттары/анықтамалары жарамды деп танылсын: Аргентина Республикасы, Венгрия, Грузия, Иран Ислам Республикасы, Иордания, Қырғыз Республикасы, Мальдив Республикасы, Моңғолия, Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Молдова Республикасы, Перу Республикасы, Сан-Марино республикасы, Сербия, Тунис Республикасы, Үндістан Республикасы, Филиппин Республикасы, Таиланд, Түркия Республикасы, Эстония Республикасы», — делінген елдің бас дәрігерінің қаулысында.

Алексей Цой мен Армения Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Анаит Аванеся екіжақты ынтымақтастықтың басымдықтарын белгіледі.

Тараптар Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өндірісі Еуразиялық экономикалық одақта қамтамасыз етілуі тиіс стратегиялық маңызды дәрілік препараттармен және медициналық қолдануға арналған фармацевтикалық субстанциялармен қамтамасыз етілу деңгейін арттыру жөніндегі іс – шаралар жоспарын талқылады.

Добавить комментарий