Қазақстан мұнай өндіру көлемін арттырады

Қазақстандық мұнай өндіруші компаниялар ОПЕК+ келісімі аясында мұнай өндіру көлемін арттыруды жалғастырады.

Ай сайын өндіру орташа есеппен тәулігіне 16 мың баррельге артатын болады.

Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

ОПЕК+ келісіміне қатысушы елдердің министрлік отырысы бейнеконференция форматында өтті

ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев қабылданған шаралар әлемдік мұнай нарықтарына жағымды әсер ететінін атап өтті. Қазақстан ОПЕК+ келісімі аясында өз міндеттемелерін орындау бойынша жұмыстарын жалғастырады.

«Отырыс қорытындысы бойынша ОПЕК+ елдерінің ағымдағы өндіру деңгейін келісімге қатысушылар тәулігіне 5,8 млн. баррель шектеулерді алып тастағанға дейін ай сайын 400 мың баррельге ұжымдық ұлғайтуды жалғастыру туралы шешім қабылданды Осылайша, ОПЕК+ шеңберіндегі Қазақстан үшін квота қыркүйекте тәулігіне 1,508 млн. баррельді құрайды және ай сайын өндіру орташа есеппен тәулігіне 16 мың баррельге артатын болады», — делінген Энергетика министрлігінің хабарламасында.

Добавить комментарий