Қазақстан мұнай өндірісін ұлғайтады

Қазақстанда мұнай өндіру көлемін ұлғайтады, деп хабарлады ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев.

Ол 2022 жылы мұнай бағасы барреліне 64,5 доллар деңгейінде, ал 2023 жылы — барреліне 58 доллар деңгейінде болатынын атап өтті. Болжам пандемиядан кейінгі қалпына келтіру бойынша жаһандық трендтерді ескере отырып жасалды.

2022 жылы мұнай өндіру 87,9 млн тонна болса, 2026 жылы 107,4 млн тоннаға дейін ұлғаяды. Мұнай өндіру көлемінің ұлғаюы 2023 жылы қазақстандық учаскедегі өткізу қабілетін арттыру үшін Каспий құбыр консорциумы мұнай құбырының тар орындарын жою жобасын іске асыру есебінен күтілуде, — деді Әсет Ерғалиев Сенаттың жалпы отырысында.

Ұлттық экономика министрлігі басшысының айтуынша, 2022 жылы әлемдік экономиканың 4,9%-ға, ал 2023 жылы 3,5%-ға өсуі күтіліп тұр.

ЖІӨ нақты өсімі келесі жылы 3,9% деңгейінде болжанып отыр. 2026 жылы ол 5,2%-ға жетеді.

Добавить комментарий