Қазақстан Ұлыбританиямен стратегиялық әріптестік туралы келісімге қол қоюды жоспарлауда

Қазақстан Ұлыбританиямен стратегиялық әріптестік туралы келісімге қол қоюға дайын. Мемлекет басшысы жарлығының тиісті жобасы дайындалды.

«Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы мен екінші жағынан Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі арасындағы стратегиялық әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімнің жобасы мақұлдансын», — делінген президент Қасым-Жомарт Тоқаев жарлығының жобасында.

Келісім жобасының өзі 300 беттен тұрады және саясат пен экономикадан бастап қауіпсіздік пен экологияға дейінгі түрлі салалардағы ынтымақтастықты талқылай отырып, ондаған тарауды қамтиды.

«Осы келісім тараптар арасында оны қолданудың барлық салаларында ортақ мүдде мен қатынастарды тереңдетуге негізделген стратегиялық әріптестік пен ынтымақтастықты белгілейді. Бұл ынтымақтастық халықаралық және өңірлік бейбітшілік пен тұрақтылыққа, экономикалық дамуға жәрдемдесетін және тараптар өздерінің халықаралық міндеттемелерімен, атап айтқанда, БҰҰ мен ЕҚЫҰ шеңберіндегі қағидаттарына негізделген тараптар арасындағы үдеріс болып табылады», — делінген келісім жобасында.

Добавить комментарий