Қазақстанда доллар бағамының төмендегені белгілі болды. Бұл туралы Қазақстан қор биржасының (KASE) баспасөз қызметі хабарлады.
Атап айтқанда, сағат 11:00 жағдай бойынша доллардың орташа алынған бағамы 433,32 теңгені құрап, 1,14 теңгеге төмендеді.
АҚша айырбастау орындарында долларды 434,9 теңгеден сатып алады, 436,4 теңгеден сатады, еуро — 492-497 теңге, ресейлік рубль — 5,9-5,98 теңге.
9 желтоқсан күні мұнайдың әлемдік бағасы көтерілді.
Қаңтар айында жеткізілетін WTI маркалы мұнайдың фьючерстері 0,98%-ға көтеріліп, барреліне $73,07 болды.
Қаңтарда жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 0,82%-ға — барреліне $76,44 дейін өсті.