Қазақстан өлім жазасын алып тастады: СІМ түсіндірмесі

ҚР СІМ баспасөз қызметі Қазақстанның Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге Факультативтік хаттамаға қосылуы туралы айтты. Құжатқа 2020 жылғы 23 қыркүйекте БҰҰ Штаб-пәтерінде қол қойылды. Біздің елден өкіл ретінде ҚР Біріккен Ұлттар Ұйымындағы Тұрақты өкілі К. Омаров болды.

Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге Факультативтік хаттамаға қосылу өлім жазасының күшін жоюға әкеп соғады,

СІМ баспасөз қызметі келесі түсініктемелер беруді қажет деп санайды:

«Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 30 мамырдағы Заңының 11-бабының 1) және 2) тармақтарына сәйкес, Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің Екінші Факультативтік хаттамасы Қазақстан Республикасының Парламентімен міндетті түрде ратификациялануға жатады, өйткені ол адамның және азаматтың  құқықтары мен бостандықтарына байланысты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделгеннен өзге де қағидаларды белгілейді.

Осылайша, аталмыш халықаралық шарт ҚР Парламенті ратификациялағаннан кейін ғана күшіне енеді.

Екінші Факультативтік хаттаманың 1-бабының 2-тармағына сәйкес ратификациялау кезінде ел соғыс уақытында әскери сипаттағы аса ауыр қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танылғаннан кейін өлім жазасын қолдануды көздейтін ескерту жасай алады.

Добавить комментарий