Қазақстан: коронавирустық инфекция бойынша статистика

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, өткен тәулікте коронавирустық инфекцияның 3031 жаңа жағдайы тіркелді.

Хабарланғандай, бұл пандемия басталғалы бергі бір тәулік ішіндегі ең жоғары көрсеткіш. Республикада коронавирустың анағұрлым жұқпалы дельта-штамы таралуы аясында максимум көрсеткіш тіркелді.

Өлім-жітім саны да артуда.

Елімізде барлығы 436 962 жағдай расталды, оның ішінде:

Нұр-Сұлтан қаласында — 799,

Алматы қаласында — 396,

Шымкент қаласында — 161,

Ақмола облысында — 130,

Ақтөбе облысында — 69,

Алматы облысында — 92,

Атырау облысында — 149,

ШҚО-да — 66,

Жамбыл облысында — 57,

БҚО-да — 186,

Қарағанды облысында — 499,

Қостанай облысында — 54,

Қызылорда облысында — 33,

Маңғыстау облысында — 196,

Павлодар облысында — 87,

СҚО-да — 12,

Түркістан облысында — 45.

Бір тәулік ішінде коронавирустан 25 адам, пневмониядан екі адам қайтыс болды.

31 718 адам КВИ-ден (30 372 КВИ+ және 1 346 КВИ-) емделуде, оның ішінде:

стационарларда 9645 пациент,

амбулаториялық деңгейде — 22 073 науқас жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 600 адамның жағдайы ауыр,
• 122 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 69 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Добавить комментарий