Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігінің ақпараты бойынша, өткен тәулікте Қазақстанда COVID-19 жұқтырудың 10 418 жағдайы тіркелді.
Бір күн бұрын коронавирустық инфекцияның 9122 жағдайы тіркелген болатын.
Бейсенбі күні жаңа жағдайлардың жартысынан көбі Нұр-Сұлтанда тіркелді, 5548 жағдай расталды. Алматыда 1115 жаңа жағдай расталды. Өткен тәулікте ең аз індет жұқтырғандар Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында тіркелді — тиісінше 31 және 25 жағдай. Басқа өңірлерде шамамен жүз жаңа жағдай тіркелді.
Ресми деректер бойынша елімізде зертханалық жолмен расталған коронавирустың 1 024 004 жағдайы тіркелді. Денсаумин ақпараты бойынша, теріс ПТР нәтижес барі коронавирустық пневмонияның 84 563 жағдайы тіркелді. Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігі 2020 жылғы тамыздан бастап «ковидтік пневмонияны» бөлек жариялап келеді.
Коронавируспен сырқаттанудың елдегі рекордтық көрсеткіші бірқатар қалаларда қаңтар айының басындағы наразылықтар мен тәртіпсіздіктерден кейін билік жариялаған ТЖ режимінің аясында тіркеліп отыр. Денсаулық сақтау министрлігінің статистикасына сәйкес, ковид жұқтырғандардың тәуліктік көрсеткіші 3 қаңтарда қайта өсті. Денсаулық сақтау министрлігі науқастар санының өсуі коронавирустың жаңа штамның таралуымен, сондай-ақ «санитарлық-эпидемиологиялық режимнің өрескел бұзылуымен» байланысты деп отыр. Ведомство басшысы Ажар Ғиният 12 қаңтарда өткен үкімет отырысында эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауы «эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауы коронавирустың «Омикрон» түрінің анықталуына тікелей байланысты» деп мәлімдеді.
Билік бүгіннен күннен бастап карантиндік шектеулерді күшейте бастайтынын хабарлады, соған сәйкес сауда орталықтарына, спорттық-сауықтыру және фитнес-орталықтарға, қоғамдық бассейндерге, сауналарға, моншаларға тек Ashyq қосымшасында «жасыл» мәртебесі барларға ғана кіруге рұқсат етіледі. Кеше Алматыдағы бас санитарлық дәрігердің міндетін атқарушы Сәдуақас Байғабұлов қайтадан «қызыл» аймаққа оралғанын мәлімдеді. 6 қаңтарда Нұр-Сұлтан қызыл аймаққа кірген болатын. Коронавирустық инфекцияның таралу қарқыны бойынша жоғары эпидемиологиялық тәуекел аймағында Шымкент, Атырау, Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар облыстары кірді.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, өткен тәулікте коронавирустан 1 279 адам жазылып шықты. 14 қаңтардағы мәлімет бойынша, 44 794 адам ем қабылдап жатыр, оның 4495-і стационарда жатыр. 76 науқас ауыр жағдайда, 208 адамның жағдайы ауыр, 76 пациенттің жағдайы өте ауыр, 42 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.