Қазақстан коронавирус індетіне байланысты енгізілген карантин мерзімін қысқартуды жоспарлап отыр

Қазақстанда коронавирус індетіне байланысты енгізілген карантин мерзімін 14 күннен 10 күнге дейін қысқарту мүмкіндігі қарастырылып жатыр.

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің басшысы Айжан Есмағамбетова ОКҚ-да өткен брифингте сұрақтарға жауап бере отырып айтты.

«Жұма күні мамандарды тарта отырып, әріптестерімізбен Zoom-конференция өткіздік, халықаралық тәжірибені зерделедік. Шынында да, қазір әлемде карантин мерзімі қысқаруда. Әзірге біз бас мемлекеттік дәрігердің қаулы жобасына байланыста болған және симптомсыз адамдар 10 күнге дейін карантинде болады деп енгізуді қарастырып отырмыз. Бұл ретте жетінші тәулікте тестілеуді өткізу құқығы беріледі. Теріс нәтиже болған жағдайда жеті күннен кейін карантинді аяқтап, жұмысқа шығуға болады», — деді ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің басшысы Айжан Есмағамбетова.

Сонымен қатар, оның айтуынша, егер ПТР-тестілеу қандай да бір себептермен өткізілмесе, онда бұл санаттағы пациенттер үшін карантин 10 күн бойы сақталады.

10 күннен кейін олар ПТР-тест тапсырмай карантинді аяқтап, жұмысқа шыға алады, — деді Айжан Есмағамбетова.

Добавить комментарий