Қазақстан коронавирусқа қарсы вакцина шығаратын зауыт салуда

Қазақстанда коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина шығаратын зауыт салынуда. Қазіргі уақытта елімізде әзірленіп жатқан препаратқа сынақ жүргізілуде деп хабарланды.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елімізде вакциналар, оның ішінде коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина шығаратын зауыт салынып жатқанын хабарлады.

Журналистер министрден қазір қазақстандық вакцинаны әзірлеу қандай кезеңде екенін және оны республикадағы барлық ниет білдірушілерге беру мүмкін бе деп сұрады.

«Біз өз вакцинамызға үміт артамыз. Клиникаға дейінгі сынақтар сәтті өтті. Жақсы нәтижелер бар. Қазір клиникалық сынақтардың бірінші және екінші кезеңдері өткізілуде. Бірінші нәтижелерді екінші фазаның қорытындысы бойынша — қараша-желтоқсанға жақын аламыз деп ойлаймын. Оның қаншалықты тиімді және қауіпсіз екенін түсінейік. Сонымен қатар, вакцина өндіретін отандық зауыт салынуда. Оның қуаты бүкіл республиканы қамтамасыз етуге жеткілікті болады», — деді Цой.

Министр барлық сынақтардан кейін коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцина осы зауытта жасалатынын — ол қазақстандықтарға қажет болатын барлық көлемді қанағаттандыратынын хабарлады.

Сондай-ақ, министр қазақстандық вакцинаның шамамен бағасы жоғары болмайтынын атап өтті — шамамен 2-3 доллар.

Добавить комментарий