Қазақстан: колледждерде оқу мерзімі қысқартылады

Қазақстанда студенттердің оқу мерзімі қысқартылды. Колледждер оқу мерзімін өз бетімен белгілейді.

«Техникалық және кәсіптік білім беру саласында айтарлықтай өзгерістер болады. Колледждердің білім беру бағдарламалары кәсіптік стандарттар мен еңбек нарығының талаптарына сәйкес жұмыс берушілердің қатысуымен жаңартылады», — деп хабарлады ҚР БҒМ.

Тиісінше колледждер студенттердің оқу мерзімін өз бетімен анықтай алады.

9-сыныптан кейін колледжге түскен студенттер бұрынғыдай 3,6 жыл емес, 2 жыл оқиды.

Егер студент колледжге 11 сыныптан кейін оқуға түссе, онда 2,6 жыл емес, бір жарым жыл оқитын болады.

Колледждердегі білім беру грант көлемі кезең-кезеңмен ұлғаяды.

Биыл «Жас маман» жобасы аясында 180 колледждің инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары аяқталады. Жобаның қорытындысы бойынша әр өңірде материалдық-техникалық базасы, жаңа оқу жоспарлары мен бағдарламалары дамыған кемінде 7 заманауи колледж жұмыс істейтін болады.

Добавить комментарий