Қазақстан энергия ресурстарының жаңа нарықтарын игеруге мүдделі

ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев бейнеконференция форматында Халықаралық Энергетикалық Хартия (ХЭХ) Министрлік конференциясының 31-ші отырысында баяндама жасады.

Энергетикалық Хартия конференциясының министрлік сессиясы дәстүрлі түрде Хартияға мүше елдер үкіметтерінің, халықаралық ұйымдардың жоғары лауазымды өкілдерінің және энергетикалық компаниялар басшыларының инновациялардың рөлі мен орнықты энергетикалық технологияларды дамыту туралы саяси диалогқа қатысуы үшін платформа ретінде қызмет етеді.

ХЭХ энергия ресурстарының транзитін экспорттайтын, тұтынатын және жүзеге асыратын елдердің үкіметаралық диалогын ілгерілету жөніндегі халықаралық энергетикалық ұйым болып табылады. ҚР Энергетика министрі өз сөзінде жаһандық энергетикалық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді, сондай-ақ Энергетикалық Хартияға арналған Шартты жаңғырту үдерісінің маңыздылығын, соның ішінде транзит, инвестицияларды қорғау және энергия тиімділігі сияқты еліміз үшін маңызды бағыттарды атап өтті.

«Қазақстан дауларды шешу аспектілеріне, сондай-ақ инвестициялық ережелерге қатысты Шарттың ережелерін жаңартуға мүдделі. Біз транзит мәселелерін талқылау кезінде мынадай негіз қалаушы қағидаттар ескерілуіне терең мүдделілік білдіреміз: жаңа нарықтарға, сондай-ақ транзиттік елдердің инфрақұрылымына кедергісіз қол жеткізу; энергия ресурстарының транзитін жүзеге асыру үшін бірыңғай құқықтық өріс құру; даулардың тәуекелдері мен салдарының туындауын төмендету; энергия ресурстары нарығындағы сұраныс пен ұсыныс теңгерімін сақтау; экономикалық мүдделер теңгерімін сақтау», — деп атап өтті өз сөзінде Нұрлан Ноғаев

Добавить комментарий