Қазақстан экономикасының өсімі 3,1%-ды құрады

Бүгін, 11 қаңтарда Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров үкімет отырысында сөйлеген сөзінде 2022 жылы экономиканың өсімі 3,1%-ды құрағанын айтты.

Оның айтуынша, теріс сыртқы факторларға қарамастан, 2022 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан экономикасы 3,1% деңгейінде тұрақты өсімге қол жеткізді. «Нақты сектордағы өсім 3,2%-ды, ал қызмет көрсету саласында 2,5%-ды құрады. Оң өсу қарқыны құрылыс, ауыл шаруашылығы, ақпарат және байланыс, сауда, көлік және қоймалау, өңдеу өнеркәсібі салаларында тіркелді», — деп мәлімдеді Әлібек Қуантыров.

Ол тау-кен өндіру өнеркәсібінде өсу қарқыны 1%-ға төмендегенін айтты. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны 7,8%-ды құрады.

«Экономиканың негізгі салалары бойынша инвестициялар көлемі жылжымайтын мүлікпен операцияларда – 15,4%-ға, ауыл шаруашылығында – 6,9%-ға, көлік және қоймалауда – 5,5%-ға, сондай-ақ өнеркәсіпте 5,6%-ға ұлғайды», — деді Әлібек Қуантыров.

Өңірлік тұрғыда Қызылорда, Жетісу, Маңғыстау және Алматы облыстарында, сондай-ақ Шымкент және Астанада ең жақсы көрсеткіштер байқалды. 2022 жылғы 19 қазанда Қазақстан үкіметі 2023 — 2025 жылдарға арналған ЖІӨ болжамын жариялады.

Добавить комментарий