Қазақстан экологиялық көрсеткіш бойынша рейтингте соңғы орында тұр

CCPI рейтингінде Қазақстан бір жыл ішінде тоғыз сатыға төмендеді.

Қазақстан климаттың өзгеруінің тиімділік индексі бойынша соңғы орында тұр.

CCPI 2022 рейтингінде Қазақстан бар болғаны 20 ұпай жинап, 64-орынға жайғасты. Еліміз өткен жылмен салыстырғанда 9 сатыға төмендеді. Бір саты жоғарыда Сауд Арабиясы орналасқан.

Биылғы жылы бірде-бір ел «өте жоғары» рейтингімен үздік үштікке кірген жоқ. Төртінші орынды Дания, одан кейін «жоғары» рейтингпен Швеция мен Норвегия тұр.

Қоршаған ортаны ластау көлемі бойынша әлемдегі үшінші ел — Үндістан рейтингте 10-шы орында, ал ауаға ең көп қалдық бөлетін Қытай 52,66 ұпаймен 37 орында тұр.

2021 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстанда қоршаған ортаны қорғауға бөлінген инвестициялар 118,9 млрд теңгені құрады. Өткен жылы осы қажеттіліктерге 115,9 млрд теңге жұмсалған.

2021 жылы инвестиция көлемінің үштен бір бөлігі Жамбыл облысына — 39,1 млрд теңге, одан кейін Ақтөбе облысы (18,8 млрд теңге), Нұр-Сұлтан (14,2 млрд теңге) және Атырау облысының (11 млрд теңге) үлесінде.

Климаттың өзгеруінің тиімділік индексін төрт санат бойынша бағаланады:

парниктік газдар бөлінділері;

жаңартылған энергия;

пайдаланылған энергия;

климаттық саясат.

Аталған барлық категориялар бойынша еліміздің рейтингі өте томен болып шықты:

парниктік газдар бөлінділері — 7,18 ұпай (63-орын);

жаңартылған энергия — 2,54 ұпай (59-орын);

пайдаланылған энергия — 5,06 ұпай (63-орын);

климаттық саясат — 5,03 ұпай (54-орын).

2005 жылдан бастап жыл сайын жарияланатын Климаттың өзгеруі тиімділік индексі (CCPI) 60 ел мен Еуроодақтағы климатты қорғау көрсеткіштерін бақылауға арналған тәуелсіз бақылау құралы болып табылады. Рейтингке қатысушы елдер әлемдегі барлық парниктік газдар бөлінділерінің 92%-ы тиесілі.

Добавить комментарий