Қазақстан ИЫҰ СІМК отырысында Ауғанстан бойынша бірнеше ұсыныс жасады

Қазақстан Ислам ынтымақтастығы ұйымының (ИЫҰ) Сыртқы істер министрлері кеңесінің (СІМК) төтенше отырысында Ауғанстандағы жағдайға қатысты бірқатар ұсыныстар жасады.

ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлағандай: (Қазақстан Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев — ҚазТАГ) Ауғанстанға көмек көрсету үшін Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымының әлеуетін пайдалануды күшейту, ИЫҰ елдерінің ауған студенттерін Қазақстанда оқыту жөнінде ынтымақтастығы, «Qazvac» қазақстандық вакцинасын және АХҚО-ны Ислам даму банкі тарапынан құрылатын Гуманитарлық траст қорымен ынтымақтастық үшін пайдалану бойынша бірқатар ұсыныстарды жасады.», — деп хабарлады қазақстандық СІМ жексенбі күні.

Аталып өткендей, шара « іс-шара мұсылман елдерінің ауған халқымен ниеттестігін және жағдайдың нашарлауының алдын алу бойынша белсенді іс-қимыл жасауға ұмтылысын көрсетті». Пәкістан Ислам Республикасының Премьер-Министрі Имран Хан ИЫҰ СІМК қатысушыларын мәлімдемелерді Ауғанстанға көмек көрсетуге қатысты нақты іс-қимылдарға айналдыруға шақырды.

Нұрышев Қазақстанның Ауғанстанды қалпына келтіру және осы елдегі гуманитарлық дағдарысты еңсеру жөніндегі халықаралық қоғамдастықтың күш-жігеріне қосқан үлесін атап өтті.

«Отырыстың маңызды нәтижелерінің бірі штаб-пәтері Қазақстанда орналасқан Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымының қамқорлығымен Ауғанстанның азық-түлік қауіпсіздігі бағдарламасын қалыптастыру туралы шешім болды», — деп толықтырды қазақстандық сыртқы саясат ведомствосы.

Елдегі гуманитарлық жағдаймен танысу үшін арнайы шақырылған Ауғанстан Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы Амир Хан Муттаки қатысушыларды жаңа билік барлық тұрғындар үшін қауіпсіздікті қамтамасыз ететініне және ИЫҰ мен халықаралық қоғамдастықтың, оның ішінде терроризм мен есірткі трафигіне қарсы күрес саласындағы талаптары мен үміттерін қанағаттандыру үшін қажетті шаралар қабылдайтынына сендірді. Сонымен қатар, ол гуманитарлық көмек пен азаматтарға төлемдер үшін қаржыландыруды қамтамасыз етудің шұғыл қажеттілігіне назар аударды.

«Отырыс қорытындысы бойынша тараптар бірлескен мәлімдеме қабылдап, онда Ауғанстанға одан әрі гуманитарлық көмек көрсетуге дайын екендіктерін мәлімдеді, сондай-ақ ИЫҰ Бас хатшысының орынбасары Тариг Али Бахитті Ұйымның Бас хатшысының Ауғанстан жөніндегі арнайы өкілі ретінде тағайындау туралы шешімді бекітті», — деп толықтырды қазақстандық СІМ.

Естеріңізге сала кетейік, 15 тамызда Ауғанстандағы билік толығымен «Талибан» қозғалысының қолына өткен болатын. Көптеген халықаралық ұйымдар, соның ішінде БҰҰ қолдауымен жұмыс істейтін ұйымдар кеңселерін Алматыға көшіруге шешім қабылдады. Ауғанстанда гуманитарлық дағдарыс ушығып барады.

Добавить комментарий