Қазақстан ҚХР-ның негізгі газ жеткізушісіне болды

Биыл 10 айдың ішінде Қазақстан 865 млн доллар болатын 3,73 млн тонна газ сатқан.

Қаңтар-қазан айлары аралығында Қытай Қазақстаннан 865 млн долларға 3,73 млн тонна газ сатып алды. Түрікменстаннан Пекин 5,38 млрд долларға 19,79 млн тонна, Ресейден — 1,1 млрд долларға 5,94 млн тонна, Өзбекстаннан — 601,27 млн долларға 2,57 млн тонна, Мьянмадан — 1,16 млрд долларға 2,53 млн тонна көгілдір отын импорттады.

Қаңтар-қазан айлары аралығында Қытайға сұйытылған табиғи газды жеткізу бойынша Австралия көш бастап тұр, артынан АҚШ, Малайзия және Катар келеді. Тамыз айында Қытай үшін СТГ-ның орташа құны 1000 м3 үшін 469 долларға дейін өсті (бұрын 426 болған).

Қазақстанда сұйытылған газды тұтыну екі жылда 1,3 млн тоннадан 1,6 млн тоннаға дейін өсті. Бұл ретте өндіріс бұрынғы деңгейде тұр.

Добавить комментарий