Соңғы үш күн ішінде президенттің бастамасымен құрылған «Қазақстан халқына» қорына тағы 16 млрд теңге түсті.
29-31 қаңтар аралығында қаражат аударғандар:
«Altyntau Kokshetau» АҚ — 6,47 млрд теңге;
«Казцинк» ЖШС — 5,855 млрд теңге;
«КаР-Тел» ЖШС — 2 млрд теңге;
«Жәйрем КБК» АҚ — 675 млн теңге;
Цхай Яков Андреевич — 500 млн теңге;
«AlSolutions» ЖШС — 300 млн теңге;
«SAUTS OYL» ЖШС — 200 млн теңге.
16-31 қаңтар аралығында қорға 109,3 млрд теңге аударылды.
Бұған дейін қор жылына кемінде 100 млрд теңге көлемінде ақша тартады деп болжанған болатын. Болжамды есептеулерге шетелдік және халықаралық компаниялардың ақшасы кірген жоқ.