Қазақстан Францияға уран сатуға ниетті ме?


  • Warning: file_get_contents(/home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/uploads/2022/11/speech-43577-1669791657-1.mp3): failed to open stream: No such file or directory in /home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/themes/news-theme/single.php on line 38
  • Прослушать

Қазақстан Президенті Қ.К. Тоқаев Франция президенті Э. Макронмен уран саласындағы қос елдің ынтымақтастығы мәселесін талқылағанын айтты.

Қазақстан Президенті сондай-ақ Orano S. A. компаниясы Директорлар кеңесінің төрағасы Клод Имовенмен атом өнеркәсібін дамыту мәселелерін талқылады.

Бұл туралы сәрсенбі күні Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі Тоқаевтың ірі француз компанияларының басшыларымен кездесуінің қорытындысы бойынша хабарлады.

«Orano S.A.» компаниясы Директорлар кеңеcінің төрағасы Клод Имовен кездесу барысында атом өнеркәсібін дамыту мәселелері талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаевқа компанияның Қазақстанда атқарып жатқан жұмысының қазіргі нәтижелері мен алдағы жоспары таныстырылды. «Мемлекет басшысы Эммануэль Макронмен келіссөз барысында Қазақстан мен Франция арасындағы уран саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланғанын жеткізді», — делінген хабарламада.

Клод Имовен KATCO бірлескен кәсіпорны Қазақстанда бір жылда өндірілетін уранның 15 пайызын және әлемдік өндірістің 7 пайызын өндіретінін мәлімдеді.

Alstom компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы және бас атқарушы директоры Анри Пупар-Лафарж Тоқаевқа компанияның инвестициялық жобалары туралы мәлімет берді. «Alstom» компаниясы жақын арада жылжымалы құрам мен теміржол инфрақұрылымына арналған электровоздар мен жабдықтар шығару, сервистік қызмет көрсету жобаларын іске асыруға 50 миллион еуро инвестиция салуға ниетті. Астана, Алматы қалаларында, сондай-ақ Жамбыл және Түркістан облыстарында сервистік орталықтар ашу жоспарланып отыр», — деп түсіндірді Ақорданың баспасөз қызметі.

Бұдан кейін Президент «Total Energies» директорлар кеңесінің төрағасы және бас атқарушы директоры Патрик Пуяннемен кездесті. Патрик Пуянне «Total Energies» компаниясы біздің елімізге 12 млрд доллар инвестиция салғанын айтып, алдағы уақытта да ең ірі инвесторлардың бірі болатынына сенім білдірді. Олар сондай-ақ Қазақстанның энергетика секторындағы ынтымақтастық мәселелерін жан-жақты талқылады. Компания қуаты 1 ГВт болатын жел электр станциясын салуға ниетті. Нысан 2026-2027 жылдары Қазақстанның оңтүстік-шығысында пайдалануға беріледі. Жобаның болжамды құны – 1,9 миллиард доллар.

Тоқаев француз бизнесмендерімен жеке кездесу өткізіп, Францияның Қазақстандағы сауда өкілдігін құруды ұсынды. Қазақстан Президенті 29-30 қараша аралығында ресми сапармен Францияда болады. 29 қарашада ол Макронмен келіссөздер жүргізді

Добавить комментарий