Қазақстан Еуропа Кеңесінің құқықтық көмек туралы конвенциясына қосылуға ниетті

Еуропадағы қылмыстық істер бойынша қазақстандық сұрауларды орындау мәселелері бойынша берік құқықтық негіз құру үшін ел билігі Еуропадағы қылмыстық істер жөніндегі Еуропа кеңесінің конвенциясына қосылу туралы шешім қабылдады.

Бас Прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев бастаған делегация Страсбург қаласында өткен Еуропа Кеңесінің Адам құқықтарын сақтау саласындағы біліктілікті арттыру мәселелері жөніндегі жыл сайынғы конференциясына («HELP») қатысты.

Трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес және ұрланған активтерді қайтару Қазақстанның құқық қорғау органдары үшін басымдықтардың бірі болып табылатынын хабарланды. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Еуропа Кеңесінің өзара құқықтық көмек туралы Конвенциясына қосылуға дайын екендіктерін білдірді.

«Конвенцияға қосылу Еуропадағы қылмыстық істер бойынша біздің сұрауларымызды орындау және жазаның бұлтартпастығы қағидатын қамтамасыз ету үшін неғұрлым берік құқықтық база құруға мүмкіндік береді», — деп атап өтті Бас прокуратура.

Еуропа Кеңесінің Хатшылығы адам құқықтарын сақтау саласындағы реформаларды тиімді іске асыру мәселелерінде де, сондай-ақ Еуропа Кеңесінің тиісті конвенцияларына қосылуы мәселесі бойынша да Қазақстан Республикасына толық қолдау көрсетуге дайын.

Шара қорытындысы бойынша тараптар Еуропа Кеңесінің Қазақстанмен 2019-2023 жылдарға арналған тату көршілік ынтымақтастық бағдарламасы және Еуропа Кеңесінің ағымдағы жылы қабылдауы жоспарланып отырған 2024-2027 жылдарға арналған жаңа бағдарлама шеңберіндегі ынтымақтастықтың одан әрі қадамдарын белгіледі.

Добавить комментарий