Қазақстан: 2021 жылғы 31 наурызға арналған ауа райы болжамы

Синоптиктер республиканың жеті облысында дауыл күтіледі деп хабарлайды. Ел аумағының басым бөлігінде тұман түседі.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 31 наурызда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түседі. Солтүстік-батыстан күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Қызылордада күндіз солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Түркістан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман болуы мүмкін.

Қарағанды облысында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Жамбыл облысында 31 наурызда күндіз , 1 сәуір күні түнде кей жерлерде нөсер жауады (жаңбыр, қар), 31 наурыз-2 сәуірде кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін, 31 наурыз күндіз кей жерлерде найзағай. 31 наурыз күндіз, 1 сәуір тәулік бойы кей жерлерде оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні 25 м/с жетеді.

Таразда түнде 1 сәуір күні нөсер (жаңбыр, қар), 31 наурыз-2 сәуірде кей уақытта тұман түсіп, көктайғақ болады, 31 наурызда күндіз найзағай ойнайды. 31 наурыз-1 сәуір күндіз оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

31 наурыз-1 сәуір күндері Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан күндіз 31 наурызда, 1 сәуір күні түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 1 сәуірде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с жетеді.

Петропавл қаласында 31 наурыз күндіз, 1 сәуір күні бойы оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, 1 сәуір күндіз екпіні 25 м/с жетеді.

Добавить комментарий