Синоптиктердің болжамынша, ертең Қазақстанда жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Республиканың басым бөлігі жоғары қысым өрісінің ықпалында болады.
Еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысында жауын-шашын, таулы аудандарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі, — деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
Ақмола облысының солтүстігінде, батысында, Түркістан облысының таулы асуларында, күндіз Қостанай облысының батысында, солтүстік-батысында, түнде Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.
Атырау облысының батысында, орталығында, шығысында, Маңғыстау облысының солтүстігінде, Ақтөбе облысының орталығында, Қарағанды облысының орталығы мен шығысында, Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман түседі.
Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында тұман түседі, жел түнде облыстың оңтүстік-батысында 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20 м/с күшейеді, екпіні 23 м/с жетеді. Түнде Павлодар облысының оңтүстігінде тұман түседі, күндіз облыстың солтүстік-батысында жел 15-20 м/с жетеді.
Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлт шығады, ауа райы жауын-шашынсыз болады. Оңтүстік-батыстан, түнде 1-6 м/с, күндіз 7-12 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде -4 +6°С, күндіз +5 +7°С болады.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз болады. 2-7 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +4 +6°С, күндіз +13 +15°С жылы болады.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, таңертең және күндіз жаңбыр жауады. Батыстан 8-13 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +6 +8°С, күндіз +9 +11°С жылы болады.