Синоптиктердің болжамынша, ертең Қазақстанда кейбір өңірлерінде ауа райы жауын-шашынды, күн бұлтты болады деп күтіледі.
Еліміздің солтүстік және орталық бөліктерінде қар жауады, оңтүстік және батыс облыстарда жаңбыр жаууы мүмкін, кей жерлерде ылғалды қар жауады, жолда көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстік-батыстан 4-12 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні 19 м/с жетеді.
Шығыстағы жекелеген аудандарда тұман түсіп, көру мүмкіндігі 200 метрге дейін төмендейді.
Солтүстік және орталық облыстарда түнде −7 −1 °С болады, күндіз ауа температурасы −3 +1 °С болады.
Еліміздің батысында ауа температурасы түнде −18+1°С болады, күндіз термометр бағаны −6+4 °С шамасында болады.
Еліміздің шығыс бөлігінде түнде −10… −9°С, күндіз ауа температурасы −6… −2°С дейін көтеріледі.
Республиканың оңтүстігінде түнде + 2… + 6°С, күндіз +9 +14°С жылиды.