Қазақстан: ертең, 2021 жылғы 12 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Ертең Қазақстанның бірқатар өңірлерінде көктайғақ болады.

Еліміздің шығыс, оңтүстік және батыс аудандары жоғары қысымды өрістің ықпалында болады, осыған байланысты ауа райы жауын-шашынсыз болады деп күтіледі. Республиканың қалған бөлігіндегі ауа райы бұрынғысынша циклонның жырасы мен онымен байланысты атмосфералық фронттардың ықпалымен жауын-шашынды болады, солтүстік өңірлерде қар жауаады. Еліміздің басым бөлігінде желдің күшейеді, оңтүстікте шаңды боран соғады, солтүстік аудандарда бұрқасын, көктайғақ, батыста, солтүстікте және республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда тұман түсуі мүмкін, — деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

Ақмола облысының солтүстігінде, батысында, шығысында, солтүстік-шығысында, Қостанай облысының шығысында синоптиктер көктайғақ, жаяу бұрқасын, тұман, желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді деп болжап отыр.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстік-батысында, Жамбыл облысының шығысында, Алматы облысының Алакөл көлдері ауданында, таңертең және күндіз Түркістан облысының солтүстігі мен таулы аудандарында, күндіз Қарағанды облысының солтүстігінде желдің жылдамдығы 15-22 м/с күшейеді, Түркістан облысының солтүстігі мен таулы аудандарында шаңды дауыл соғуы мүмкін, Жамбыл облысының шығысы мен таулы аудандарында тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Атырау облысының солтүстігінде, түнде және таңертең Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында тұман түседі, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-батысында жел 15-20 м/с күшейеді, Атырау облысының солтүстігінде көктайғақ болады.

Ақтөбе облысының солтүстігінде күндіз көктайғақ болады.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында түнде және таңертең тұман түседі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Павлодар облысының солтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болады, күндіз облыстың оңтүстігінде жел 15-20 м/с жетеді.

Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлт шығады, таңертең және күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде ауа температурасы шамамен 0… -2°С, күндіз + 1… +3°С.

Алматыда күн бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Жел 0-5 м/с. Түнде ауа температурасы шамамен 0… +2°С, күндіз + 11… +13°С жылы болады.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз болады. Оңтүстік-батыстан 8-13 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде + 1… +3°С, күндіз +12… +14°С болады.

Добавить комментарий