Украина аумағында жүрген қазақстандықтарға әуе шабуылы дабылына мұқият мән беріп, бомба баспаналарында болуға, ал мүмкіндік болса елден кетуге шақырады
Бұл инфрақұрылым нысандарына жаппай шабуыл жасалуымен байланысты. «Украинаның барлық аумағында азаматтық инфрақұрылым мен мемлекеттік нысандарға шабуылдардың күшеюіне байланысты Қазақстан Республикасының Елшілігі өз азаматтарын Украинаға барудан бас тартуға, ал елде жүргендерді әуе шабуылы сигналдарына мұқият мән беруге және баспаналарда мен бомба баспаналарында болуға шақырады», — делінген Украинадағы Қазақстан елшілігінің хабарламасында.
Елшілік сондай-ақ Қазақстан азаматтарын мүмкіндігінше Украина аумағынан кетуге шақырады. 10 қазан күні таңертең Киевте бірнеше жарылыс болды. Украинаның басқа аймақтары мен ірі қалалары да зымыран шабуылына ұшырады.
УҚК Бас қолбасшысы Валерий Залужныйдың мәлімдеуінше, 10 қазан күні таңертең Украинаның түрлі қалаларындағы инфрақұрылымдық нысандар бойынша 75 зымыран атты, олардың бір бөлігін Украинаның әуе шабуылына қарсы қорғанысы атып түсірді. РФ әскері Украинаның инфрақұрылым нысандарына жаппай соққы берді. РФ президенті Владимир Путин бұл Қырым көпіріндегі лаңкестік шабуылға қарымта жауап екенін мәлімдеді.