Қазақстан елшілігі қызметкерлерінің бір бөлігі Кабулдан шығарылды

Ауғанстанда қалыптасқан жағдайға байланысты ҚР Сыртқы істер министрлігі елшіліктегі дипломаттардың бір бөлігін Кабулдан эвакуациялады.

ҚР-ның Ауғанстандағы елшілігі Кабулда жұмысын жалғастыра береді. Бұл туралы ҚР СІМ хабарлады.

«Елші Кабулда жұмысын жалғастырып жатыр. Онда қызметкерлер аз қалды», — деді ведомствоның ресми өкілі Айбек Смадияров. Дания, Норвегия мен Чехия және тағы басқа бірқатар елдер осындай шешім қабылдады. АҚШ-та елдегі дипломатиялық өкілдігінің санын қысқартты — азаматтарды эвакуациялау үшін әскерлер жіберілді. Бұл Ауғанстанда «Талибан» (Қазақстанда және басқа да көптеген мемлекеттерде тыйым салынған террористік ұйым) қозғалысының шабуылына байланысты.

Добавить комментарий