Қазақстанда егде жастағылардың саны өскені байқалады. Олардың үлесі 11%-ға жетті.
Салыстыру үшін, 2010 жылғы деректер келтіріледі, онда зейнет жасындағы халықтың үлесі 9,9%-ды құраған.
Еңбекке қабілетті жастағы азаматтардың үлесі, керісінше, 2010 жылғы 64%-дан 2020 жылы 58,3%-ға дейін айтарлықтай төмендеді.
Ж. Боже-Гарнье-Э. Россеттің демографиялық қартаю деңгейі бойынша Қазақстан «қартаю алдында» тұр.
Сонымен қатар еңбекке қабілетті бір адамға демографиялық жүктеме де артып келеді. Мәселен, ҚР-да еңбекке қабілетті 1000 азаматқа еңбекке қабілетті жастан кіші және үлкен 692 адамнан келеді (бір жыл бұрын — 687, ал он жыл бұрын — 555 адам болды.
БҰҰ болжамы бойынша әлем елдеріндегі сияқты Қазақстанда да халық саны алда өсіп, 2050 жылға қарай шамамен 24 миллион адамға жетеді. Бұл ретте халық санының өсуі бала туу мен өмір сүру ұзақтығының ұлғаюына да байланысты екенін атап өткен жөн. 2020 жылы өмір сүру ұзақтығы 71,37 жасты құрады (10 жыл бұрын — 68,45 жас, 2000 жылы — 65,5 жас). Бұл жерде сәбилер мен балалар өлімін, тағы басқа жайттарды ескеру керек.
Зейнетке шыққаннан кейінгі өмір сүру ұзақтығы ерлер үшін 80 жас, әйелдер үшін 82 жас.