Кеңес одағы ыдырағаннан кейін Ресей көрші мемлекеттермен бірге бірнеше одақтың құрылуына бастамашы болды. Мәселен, 1998 жылы Ресей мен Беларусь арасында Одақтық мемлекет құру туралы шартқа қол қойылды. Одақтық мемлекеттің мақсаты біртұтас саяси, әскери, экономикалық, валюталық кеңістікті кезең-кезеңмен құру.
2001 жылы Еуразиялық экономикалық қоғамдастық деп аталатын халықаралық экономикалық ұйым құрылды. Аталмыш ұйым, шын мәнінде 2015 жылы құрылған ЕАЭО-ның алдындағы ұйым болды.
Одаққа мүше барлық ел өзара бірқатар уағдаластықтармен байланысты болды, бұл елдер арасындағы тауар айналымының ұлғаюын қамтамасыз еткенімен, белгілі бір мағынада еркіндікті шектейді.
ҚР-ның ЕАЭО-ға мүшелігі АҚШ-пен және басқа да батыс елдерімен арадағы қатынасты дамыту әлеуетін тежейді. Мысалы, 2018 жылы Қазақстан билігі АҚШ үшін Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінде екі портты ашатын заң жобасын мақұлдаған. Бұл АҚШ-қа Ресей Федерациясын айналып өту арқылы Ауғанстанға жүк жөнелтудің баламалы бағытын ашуға мүмкіндік берді. Сондай-ақ, Қазақстан мен АҚШ арасында 2018-2022 жылдар аралығында бес жылдық әскери ынтымақтастық орнатылды.
Ресей ЕАЭО-ның қазіргі келісіміне қайшы келіп, АҚШ-пен не үшін келісім жасасқанын түсіндіруді талап етті.
2020 жылы Беларусьте өткен президент сайлауын мысал ретінде келтіре отырып, Ресей көрші елдің саяси өміріне араласа алатынын көрдік.
Мысалы, бұрынырақта зауыттар жөндеу жұмыстарына және жаңғыртуға байланысты жабылғанда, Қазақстан бірнеше рет жанармай дағдарысына ұшыраған. Бүгінде үш зауытта қайта жабдықтау жұмыстары аяқталды және төртінші — заманауи зауыттың құрылысы жоспарлануда.
Қазақстан билігі Ресеймен барынша аз байланысып, өз саясатын АҚШ-пен жақындастыруды қалайды.
Еуропалық сарапшылар Еуразиялық экономикалық одаққа толыққанды мүше ретінде кірмей, тек бақылаушы болған Өзбекстанның ұстанымын қалыпты деп санайды.