Ашық ақпарат көздерінен алынған ақпаратқа сәйкес, биыл шілде айында ең төменгі күнкөріс деңгейі 1%-ға төмендеді.
Ең төменгі күнкөріс деңгейі 38,4 мың тг болды — бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14,1%-ға артық (33,7 мың тг). Бұл ретте бір айда ең төменгі күнкөріс деңгейі 0,9%-ға азайды.
Бұл ретте инфляция деңгейі бойынша жаңа антирекорд тіркелді. 2016 жылдың соңынан бері алғаш рет инфляция 8,4% құрады. Сонымен қатар азық-түлік тауарлары бір айда 0,7%-ға, азық-түлік болып саналмайтын тауарлар – 0,5%-ға, ақылы қызметтер 0,8%-ға қымбаттаған. Өңірлер арасында ең төменгі күнкөріс деңгейі бойынша Маңғыстау облысы көшбасында: 44 мың теңге – республика бойынша орташа мәнмен салыстырғанда 14,3% артық. Үздік үштікке Нұр-Сұлтан (43,4 мың теңге) және Алматы (40,8 мың теңге) енді. Бұл еліміз бойынша орташа көрсеткіштен 12,8% және 6,2% артық. Үздік бестікте Шығыс Қазақстан (39,6 мың тг) және Павлодар (39,3 мың тг) облыстары тұр. Жоғарыда аталған өңірлерде ең төменгі күнкөріс деңгейі орташа республикалық деңгейден асады. Ең төменгі көрсеткіш Батыс Қазақстан облысында: 34,7 мың теңге – бұл Қазақстан бойынша орташа көрсеткіштен 9,8%-ға аз.