Қазақстан денсаулық сақтау жүйесін нығайту үшін Пандемия қорынан миллиондаған доллар сомасында грант алды

Қазақстан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) ұсынған Пандемия қорынан қомақты сомада грант алған елдер тізіміне қосылды. Гранттың жалпы сомасы 19 миллион доллар сомасына елдік грантты және 27 миллион доллар сомасына көп елдік грантты қоса алғанда, үш жылға 46 миллион долларды құрайды.

Гранттың ресми іске қосылуы Астанада өтті, онда Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі, ДДҰ, Пандемиялық қор өкілдері, сондай-ақ дипломатиялық миссиялар салтанатты рәсімге қатысты. Гранттың басты мақсаты еліміздің денсаулық сақтау жүйесін нығайту.

Пандемия қорының қаражаты елдің денсаулық сақтау жүйесінің эпидемиологиялық қадағалау, шекаралық бақылау, зертханалық қауіпсіздік, ерте анықтау және ден қою, сондай-ақ персоналды оқыту саласындағы міндеттерін шешуге бағытталатын болады. ДДҰ-ның Қазақстандағы елдік офисі осы гранттың елде іске асырылуын үйлестіреді және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне жалпы техникалық қолдауды қамтамасыз етеді.

Добавить комментарий