Қазіргі заманғы банк жүйесі барлық салаларға қолма-қол ақшасыз төлемдерді белсенді енгізуде. Осы орайда цифрлық ұлттық валютаны енгізу туралы пікірталастар туындайды. Цифрлық теңге мәселесін Қазақстанда қалай шешу жоспарланып отырғаны туралы біздің материалымыздан оқыңыз.
CBDC (Central bank digital currency) — бұл орталық банктің цифрлық валютасы. Яғни, бұл теңге, рубль немесе доллар, алайда тек цифрлық формада.
Осындай валюталарды мемлекеттік деңгейде енгізу туралы әлемнің көптеген елдері ойластырылуда. Мысалы, 2017 жылы осындай цифрлық валюталарға барлық орталық банктердің 65%-ы ғана қызығушылық танытты.
Ал 2020 жылы CBDC-ты енгізу бойынша әзірлемелерді орталық банктердің 80%-ға жуығы жүзеге асыруда. Қазақстанда да осындай жұмыстар жүргізілуде — цифрлық теңгені енгізу мәселесі белсенді зерттелуде.
Ranking.kz хабарлауынша, еліміздің бұған дайын болуының бір белгісі қолма-қол ақшасыз есеп айырысу үлесінің айтарлықтай артуы болып табылады.
Цифрлық төлемдердің өсуі. Қазақстанда қаржы жүйесін цифрландыру белсенді дамып келеді. Бұған мынадай факті дәлел: ағымдағы жылғы қарашаның басында төлем карталарының саны 45,4 млн бірлікті құрады. Ұстаушылар саны 37,9 млн-ға жетті.
Бұл ретте, қолма-қол ақшасыз төлемдер көлемі 2020 жылғы қаңтар-қарашада 2,5 есеге өсіп, 26,7 трлн теңгеге жетті.
Қолма-қол ақшасыз төлемдер көлемі жылына орта есеппен 2 есе өсуде.
Цифрлық валютаның артықшылықтары. Қазақстанда қолма-қол ақша әлі де есеп айырысудың өзекті құралы болып отыр. Бұған айналымның өсу статистикасы көрсетіп отыр:
- 2020 жылы Қазақстанда купюралар мен монеталар көлемі 2019 жылдың нәтижелерімен салыстырғанда 25,8%-ға өсті.
- соңғы бес жылда қолма-қол ақшаның орташа көлемі жыл сайын 18,8%-ға өсті.
Ағымдағы жылдың қазан айының басында қолма-қол ақшамен айналымында 2,8 трлн теңге болды.
Алайда қолма-қол ақшасыз есеп айырысуының өсуі болашақта цифрлық теңге айналымының көп бөлігін алу ықтималдығын көрсетеді.
Бұл ретте CBDC-ты инвесторлар арасында танымал криптовалютамен шатастырмау керек. Олардың айырмашылығы цифрлық валютаны, мәселен, теңгені тек қана елдің орталық банкі шығарады.
Цифрлық ұлттық валюталарға деген жаһандық қызығушылықтың себептері олардың артықшылықтарында жатыр. Оларға үлкен қауіпсіздік пен төлемдердің тұрақтылығы жатады.
Сондай-ақ, сандық ақша құралдарының арқасында қаржылық қызметтердің басым бөлігі халық үшін қолжетімді болады. Мысалы, қолма-қол ақшасыз төлем енгізу арқылы ақша қаражатын аударуды пайдалану, бағалы қағаздарға инвестициялауды жеңілдетті. Электрондық төлемдер жүйесінің ашықтығы ел экономикасына да оң әсерін тигізуі мүмкін.
Бұл саудадағы ақшаның көлеңкелі айналымын қысқартып, бюджетке түсетін салық түсімдерінің көлемін арттыруы мүмкін.