Синоптиктер Қазақстанда бойынша құрғақшылықтың алдын ала болжамын жариялады. Еліміздің басым бөлігінде ылғал жағдайлары нормаға жақын болады, деп хабарлады «Қазгидромет».
Маусым айында Қызылорда облысының Қармақшы ауданында және Маңғыстау облысының Қарақия ауданында қатты құрғақшылық болжанады, делінген «Қазгидрометтің» маусымына арналған құрғақшылықтың алдын ала болжамында.
«Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында бірқалыпты құрғақшылық болжанады. Республиканың басым бөлігінде құрғақшылықтың туындау ықтималдығы төмен, негізінен ылғалдану жағдайлары нормаға жақын болады деп күтілуде», — деп хабарлады гидрометеорологиялық орталық.
Сонымен қатар, «Қазгидромет» Қызылорда және Маңғыстау облыстары құрғақ агроклиматтық аймаққа жататынын атап өтті.
«Жамбыл облысының Рысқұлов ауданында, Ақтөбе облысының Ойыл ауданында және Түркістан облысының Сайрам ауданында қолайлы орташа ылғалды жағдай болады деп күтіледі», — деп толықтырды гидрометеорологиялық.