Қазақстан бойынша ертең, 2022 жылғы 29 қазанға арналған ауа райы болжамы

Синоптиктер Қазақстанда 2022 жылғы 29 қазанда, сенбі күні ауа райы қандай болатынын айтты.

Қазақстанның оңтүстігіндегі, оңтүстік — шығысындағы таулы аудандарда-қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.
Республика бойынша желдің күшеюі, көктайғақ, тұман, батыста — жаяу бұрқасын болады деп болжануда.

Дауылды ескерту

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі.

Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман күтіледі.

30 қазанда Жамбыл облысының оңтүстік-батысында қатты жаңбыр, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.

Түнде және таңертең 29-30 қазанда тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, 30 қазанда екпіні 23 м/с күтіледі.

Түнде және таңертең Маңғыстау облысының солтүстігінде, оңтүстік-батысында, орталығында тұман күтіледі.

Түркістан облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, тау асуларында күші 15-20 м/с.

Аймақтардағы ауа райы

Абай облысында синоптиктер ауа райы жауын-шашынсыз болады деп болжап отыр. Түнде және таңертең солтүстікте, облыс орталығында тұман түседі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 2-7, облыстың батысында 10 аяз, күндіз 1 аяз -4, облыстың оңтүстігінде 8 жылы болады.

Ақмола облысының солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 5-10, облыстың солтүстік-батысында 13 аяз, күндіз 2 аяз-3 жылы болады.

Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-шығысқа ауысып 7-12 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 3 аяз-2 жылы, солтүстікте, шығыста 6 аяз, күндіз 0-5, облыстың оңтүстігінде 8 жылы болады.

Күндіз Алматы облысының таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Түнде және таңертең облыстың таулы, тау бөктеріндегі аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады, күндіз тау бөктері, таулы аудандарда 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 2 аяз — 3 жылы, таулы аудандарда 5-10 аяз, күндіз 10-15, таулы аудандарда 0-5 жылы болады.

Атырау облысының басым бөлігінде жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 1-6 жылы, облыстың шығысында 2 аяз, күндіз 4-9 жылы болады.

Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қар жауып, көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түседі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Ауа температурасы түнде 3-8, облыстың солтүстік-шығысында 13 аяз, күндіз 0-5 жылы, облыстың солтүстік-шығысында 5 аяз болады.

Жамбыл облысының таулы аудандарында таңертең және күндіз жауын-шашын жауады (жаңбыр, қар). Түнде және таңертең таулы аудандарда тұман түседі.

Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып 9-14 м/с жылдамдықпен, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 0-5 жылы, таулы аудандарда 3 аяз, күндіз 12-17, таулы аудандарда 9 жылы болады.

Жетісу облысында жауын-шашынсыз ауа райы күтілуде. Түнде және таңертең таулы аудандарда тұман түседі. Солтүстік-шығыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 17-22 м/с жетеді.

Ауа температурасы түнде 3-8 градус, таулы аудандарда 13 градус аяз, күндіз 8-13 градус жылы, таулы аудандарда 0-5 градус жылы болады.

Түнде Батыс Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жаңбыр жауады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан 9- 14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 2 аяз-3 жылы, күндіз 3-8 жылы болады.

Түнде Қарағанды облысының шығысында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 2-7 градус, облыстың шығысында 10 градус аяз, күндіз 2 аяз-3, облыстың оңтүстігінде 6 жылы болады.

Қостанай облысының шығысында тұман түседі.

Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысып 7-12 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 8-13 градус, облыстың оңтүстігінде 5, облыстың шығысында 16 градус аяз, күндіз 0-5, облыстың оңтүстігінде 3 жылы болады.

Қызылорда облысының батысында жаңбыр жауады. Шығыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 1 аяз-4 жылы, күндіз 11-16, облыстың солтүстігінде 6 жылы болады.

Түнде Маңғыстау облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз батысында, шығысында, орталығында жаңбыр жауады. Түнде және таңертең солтүстікте, оңтүстік-батыста, облыс орталығында тұман түседі. Батыстан, солтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 3-8 градус, облыстың солтүстік-шығысында 0 градус, күндіз 7-12 градус, облыстың шығысында 4 жылы болады.

Павлодар облысында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Түнде облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 5-10 аязда, күндіз 2 аяз-3 жылы болады.

Батыста түнде және таңертең

Солтүстік Қазақстан облысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 5-10, облыстың оңтүстік-батысында 13 аяз, күндіз 3 аяз-2 жылы болады.

Таңертең және күндіз Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда жаңбыр жауады. Тау бөктеріндегі аудандарда тұман басады. Оңтүстік-шығыстан 8-13 м/с жылдамдықпен жел соғады, таулы асуларда 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 5-10 жылы, солтүстікте, облыстың таулы аудандарында 0 градус, күндіз 15-20, таулы аудандарда 12 жылы болады.

Күндіз Ұлытау облысының батысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Оңтүстік-шығыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 1-6 аязда, күндіз 0-5, облыстың оңтүстігінде 8 жылы болады.

Мегаполистердегі ауа райы

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, таңертең және күндіз жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыстан 8-13 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 5-7, күндіз 16-18 жылы болады.

Синоптиктердің пікірінше, Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз болады.

2-7 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 1-3, күндіз 12-14 жылы болады.

Синоптиктердің айтуынша, Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан 2-7 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 7-9 аязда, күндіз 0-2 жылы болады.

 

Добавить комментарий