Қазақстан бойынша дүйсенбі, 25 сәуірге арналған ауа райы болжамы

Қазақстанда бүгін, 2022 жылғы 25 сәуірде, дүйсенбі күні тұман, шаңды дауыл тұрады, жел күшейеді, ал оңтүстік өңірлерде найзағай ойнап, бұршақ жауады.

Синоптикалық процестердің күшеюі еліміздің орталығында, шығысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жауын-шашын тудырады.

Әсіресе, еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығыстың таулы және тау бөктері аудандарда нөсер жаңбыр мен қар жауады.

Тек батыс пен солтүстік жоғары қысымда болады — онда ауа райы жауын-шашынсыз болады деп күтіледі.

Аймақтардағы ауа райы

Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында найзағай ойнайды, бұршақ жауады, желдің 15-20 күшейеді, екпіні 23-28 м/с болады.

Түнде Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, күндіз таулы аудандарында найзағай ойнайды, бұршақ жауады, дауыл соғады, найзағай кезінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы облысының таулы, тау бөктері аудандарында бұршақ жауады, найзағай ойнайды, күн күркірегенде жел 17-22 м/с күшейеді.

Күндіз Қарғанды облысының оңтүстігінде найзағай ойнайды, облыстың оңтүстігінде жел 15-20 күшейеді, екпіні 25 м/с жетеді.

Маңғыстау облысының оңтүстігі мен батысында күндіз 15-20 м/с жылдамдықпен жел күшейеді.

Түнде Қостанай облысының оңтүстігінде тұман түседі, облыстың шығысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Түнде және таңертең Ақмола облысының оңтүстігінде тұман түседі, облыстың оңтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Добавить комментарий