Қазақстан бойынша дүйсенбі, 20 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Синоптиктер Қазақстанда 2023 жылғы 20 ақпанда ауа райы қандай болатынын айтып берді.

Астанада көшпелі бұлт шығады, ауық ауық қар жауады, көктайғақ болады, жел 9-14, екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -11… -13 ° C, күндіз нөлден -2 ° C дейін болады.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, тұман түседі, жел 0-5 м/с жетеді. Түнде ауа температурасы -2… -4 ° C °, күндіз + 5… + 7 ° C болады.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 5-10 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде + 1… + 3 ° C, күндіз + 12… + 14 ° C болады.

Ақтауда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, тұман түседі, жел 2-7 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде + 1… + 3 ° C, күндіз + 7… + 9 ° C болады. Облыстың солтүстігінде қар жауып, тұман түсіп, көктайғақ болады.

Ақтөбеде күн бұлтты, қар жауады, жел 7-12 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -3… -5 ° C, күндіз -1… -3 ° C болады.

Атырауда күн бұлтты, жаңбыр жауады, тұман түседі, жел 7-12 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -2… -4 ° C, күндіз + 2 ° C болады. Облыс аумағында жаңбыр мен қар жауады.

Жезқазғанда күн бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 7-12 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -5… -7°C, күндіз нөлден -2°C дейін төмендейді. Облыстың батысы мен солтүстігінде қар жауып, жаяу бұрқасын соғады.

Қарағандыда күн бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 8-13 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -10… -12 ° C, күндіз -1… -3 ° C болады.

Көкшетауда күн бұлтты, кей жерлерде қар, тұман, көктайғақ, жел 9-14, екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -10… -12°C, күндіз -2 ° C болады. Облыс бойынша қар жауады.

Қонаевта көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 7-12 м/с жетеді. Түнде ауа температурасы -3… -5 ° C °, күндіз + 4… + 6 ° C болады. Оңтүстікте және облыстың таулы аудандарында тұман түседі.

Қостанайда күн бұлтты, күндіз қар жауады, жел 9-14 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -15… -17 ° C, күндіз -5… -7 ° C болады. Облыстың басым бөлігінде қар, жаяу бұрқасын соғады, күндіз көктайғақ болады.

Қызылордада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -2 ° C, күндіз + 9… + 11 ° C болады. Облыстың солтүстігінде тұман, көктайғақ болады.

Павлодарда көшпелі бұлт шығады, күндіз қар жауады, жел 9-14 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -17… -19 ° C, күндіз -4… -6 ° C болады. Облыс бойынша қар жауады.

Петропавлда күн бұлтты, қар жауады, боран соғады, жел 9-14 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -15… -17 ° C, күндіз -6… -8 ° C болады. Облыстың басым бөлігінде қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ болады.

Семейде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 5-10 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -13… -15 ° C, күндіз -2… -4 ° C болады.

Талдықорғанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 3-8 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -8.. -10 ° C, күндіз + 4… + 6 ° C болады.

Таразда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болады, жел 5-10 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -2 ° C, күндіз + 8… + 10 ° C болады.

Түркістанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 5-10 м/с жетеді. Түнде ауа температурасы нөлден + 2 ° C, күндіз + 10… + 12 ° C көтеріледі.

Оралда күн бұлтты, түнде қар жауады, жел 9-14 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -9… -11 ° C, күндіз -3… -5 ° C болады.

Өскеменде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 5-10 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -13… -15 ° C, күндіз -1… -3 ° C болады.

Добавить комментарий