Бүгін Қазақстанның солтүстігінде, батысында және орталық бөлігінде жаяу бұрқасын соғып, жолдарда көктайғақ болады.
«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша, бүгін Қазақстан елордасында көшпелі бұлт шығады, қар жауады, желдің күші 9-14 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -5… -7 ° C, күндіз 0… -2 ° C болады.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, желдің күші 5 м/с дейін жетеді. Түнде ауа температурасы 0… -2 ° C, күндіз + 6… + 8 ° C болады.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз болады, желдің күші 5-10 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде + 1… + 3 ° C, күндіз + 9… + 11 ° C болады.
Ақтауда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз болады, желдің күші 7-12 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде + 2… + 4 ° C, күндіз + 8… + 10 ° C болады. Облыстың батысында, солтүстігінде көктайғақ болады.
Ақтөбеде күн бұлтты, қар жауады, желдің күші 7-12 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -6… -8 ° C, күндіз 0… -2 ° C болады. Облыстың батысында, оңтүстігінде көктайғақ болады деп күтілуде.
Атырауда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз болады, желдің күші 3-8 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 0… -2 ° C, күндіз + 4… + 6 ° C болады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман басады, көктайғақ болады.
Жезқазғанда күн бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 6-11 м/с жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде -3… -5 ° C, күндіз -1… + 1 ° C болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында бұрқасын соғады.
Қарағандыда күн бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 6-11 м/с жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде -3… -5 ° C, күндіз 0… -2 ° C болады. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын соғады.
Көкшетауда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз болады, жел 9-14 жылдамдықпен соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -3… -5 ° C, күндіз 0… -2 ° C болады. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ болады.
Қонаев көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде -1… -3 ° C, күндіз + 5… + 7 ° C болады.
Қостанайда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз болады, желдің күші 9-14 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -10… -12 ° C, күндіз -6… -8 ° C болады. Облыстың батысында, шығысында жаяу бұрқасын соғады, оңтүстігінде тұман, көктайғақ болады.
Қызылордада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз болады, желдің күші 7-12 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -2… -4 ° C, күндіз + 3… + 5 ° C болады. Облыстың солтүстігінде, батысында көктайғақ болады.
Павлодарда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз болады, желдің күші 7-12 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -9… -11 ° C, күндіз -1… 3 ° C болады.
Петропавлда көшпелі бұлт шығады, қар жауады, жел 9-14 м/с жылдамдықпен соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -6… -8 ° C, күндіз -3… -5 ° C болады. Облыстың басым бөлігінде боран, көктайғақ күтілуде.
Семейде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз болады, жел 7-12 жылдамдықпен соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -9… -11 ° C, күндіз 0… -2 ° C болады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде бұрқасын соғады, көктайғақ болады.
Талдықорғанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз болады, желдің күші 2-7 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -7… -9 ° C, күндіз + 9… + 11 ° C болады.
Таразда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз болады, жел 9-14 жылдамдықпен соғады, екпіні 15-20 м/с дейін жетеді, кей жерлерде 23 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде + 1… + 3 ° C, күндіз + 11… + 13 ° C болады.
Түркістанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз болады, желдің күші 5-10 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -1… -3 ° C, күндіз + 7… + 9 ° C болады.
Оралда күн бұлтты, қар жауады, жел 9-14 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -13… -15 ° C, күндіз -7.. -9 ° C болады. Облыстың басым бөлігінде бұрқасын, көктайғақ болады.
Өскеменде көшпелі бұлт шығады, қар, жел 7-12 жылдамдықпен соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -9… -11 ° C, күндіз 0… -2 ° C болады. Облыстың батысында, солтүстігінде бұрқасын соғады, көктайғақ болады.