Қазақстан бойынша ауа райы болжамы: Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Қазақстан аумағының басым бөлігінде қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды.

«Қазгидромет» РМК хабарлауынша, 6-8 қыркүйекте Алматы облысының басым бөлігінде және Алматы қаласының маңайында төтенше өрт қаупі сақталады, күндіз Алматы облысының солтүстігінде және оңтүстігінде 35-38 градус қатты ыстық күтіледі.

6 қыркүйек күндіз Атырау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік–батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

6, 7 қыркүйекте күндіз Жетісу облысының солтүстік-шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 17-22 м/с күтіледі, 35-37 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Талдыкорган қаласында 6, 7 қыркүйекте күндіз 35-36 градус қатты ыстық сақталады.

6 қыркүйекте Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауптілігі сақталады. Қостанай қ: 06 қыркүйекте солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады екпіні 15-20 м/с.

6 қыркүйекте Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 25 м/с күтіледі. Көкшетау қ.: 06 қыркүйекте солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Күндіз 6 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысының басым бөлігінде қатты ыстық 35-37 градус күтіледі. Өскемен қаласында күндіз 06 қыркүйекте 35-36 градус қатты ыстық күтіледі.

6 қыркүйекте Қызылорда облысында жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 40 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында 6 қыркүйекте күндіз 40 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз 6 қыркүйекте Абай облысының басым бөлігінде қатты ыстық 35-37 градус күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Семей қ.аласында күндіз 6 қыркүйекте 35-37 градус қатты ыстық күтіледі.

Добавить комментарий