Қазақстан бойынша ауа райы болжамы

Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа температурасы нөлден жоғары болады деп болжануда.

Қазгидромет еліміз бойынша 22 желтоқсан, жұма күні ауа райы қандай болатынын хабарлады.

Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, түнде жаяу бұрқасын соғады, тұман басады, көктайғақ, жел 3-8 м/с жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде және күндіз 0… -2 ° C.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, желдің күші 5 м/с дейін жетеді. Түнде ауа температурасы -5… -7 ° C, күндіз + 3… + 5 ° C болады.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз болады, желдің күші 3-8 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -4… -6 ° C, күндіз + 9… + 11 ° C болады.

Ақтауда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз болады, жел 9-14 жылдамдықпен соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде + 2… + 4 ° C, күндіз + 8… + 10 ° C болады.

Ақтөбеде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз болады, желдің күші 7-12 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде және күндіз 0… -2 ° C. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында көктайғақ болады.

Атырауда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз болады, желдің күші 9-14 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 0… + 2 ° C, күндіз + 2… + 4 ° C болады.

Жезқазғанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз болады, желдің күші 7-12 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 0… + 2 ° C, күндіз + 2.. + 4 ° C болады.

Қарағандыда күн бұлтты, жауын-шашынсыз, 5-10 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде -2… -4 ° C, күндіз 0… -2 ° C болады.

Көкшетауда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз болады, жел 7-12 жылдамдықпен соғады, екпіні 15 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде және күндіз -1… + 1 ° C. Түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ болады.

Қонаев көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде -8… -10 ° C, күндіз + 2… + 4 ° C болады.

Қостанайда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз болады, желдің күші 9-14 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -2… -4 ° C, күндіз 0… -2 ° C болады. Облыстың солтүстігінде көктайғақ болады.

Қызылордада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз болады, жел 9-14 м/с жылдамдықпен соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -3… -5 ° C, күндіз 0… + 2 ° C болады. Облыстың батысында, шығысында, орталығында көктайғақ болады.

Павлодарда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз болады, желдің күші 9-14 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 0… -2 ° C, күндіз 0… + 2 ° C болады. Облыстың солтүстігі мен шығысында көктайғақ болады.

Петропавлда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз болады, желдің күші 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде және күндіз -1… + 1 ° C. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ болады.

Семейде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз болады, желдің күші 3-8 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -6… -8 ° C, күндіз -1… -3 ° C болады.

Талдықорғанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз болады, желдің күші 2-7 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -14… -16 ° C, күндіз 0… + 2 ° C болады.

Таразда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз болады, желдің күші 5-10 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -4… -6 ° C, күндіз + 1… + 3 ° C болады.

Түркістанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз болады, желдің күші 5-10 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -4… -6 ° C, күндіз + 7… + 9 ° C болады.

Оралда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз болады, желдің күші 9-14 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 0… -2 ° C, күндіз 0… + 2 ° C болады.

Өскеменде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз болады, желдің күші 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде -5… -7 ° C, күндіз -1… -3 ° C болады.

Добавить комментарий