Қазақстанда 11-13 тамыз аралығында ауа температурасы төмендейді деп күтілуде. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Солтүстік-батыс антициклон жотасы республиканың батыс, солтүстік-батыс жартысына әсер етеді, сондықтан алдағы тәулікте мұнда негізінен құрғақ және шуақты ауа райы күтіледі», — делінген «Қазгидромет» хабарламасында.
Елдің солтүстік, орталық, шығыс және оңтүстік бөлігіне жауын-шашынның түсуіне ықпал ететін оңтүстік циклон шұңқыры мен атмосфералық фронттар әсер етеді, елдің солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Күн күркірейді, бұршақ жаууы мүмкін, қатты жел болжанады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
Ауа температурасының негізгі аясы күндіз:
батыста +30 +38°С;
солтүстік-батыста +23 +35°С;
солтүстікте +20 +28°С;
орталықта +23 +33°С;
шығыста +18 +28°С;
оңтүстікте, оңтүстік-шығыста +23 +35°С шегінде;
таулы аудандарда +13 +20°С.