Қатты жел, тұман, көктайғақ: Қазақстанда демалыс күндері ауа райы қандай болады
Қазгидрометтің синоптиктері алдағы үш тәулікте Қазақстанда ауа райының қандай болатынын айтып берді.
Синоптиктердің мәліметі бойынша, Қазақстанның барлық аумағы бойынша ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, қар жауады, желдің күші 15-23 м/с күшейеді.
Түркістан, Жамбыл облыстарының солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысында 30 м/с жылдамдықпен қатты жел соғады.
Республика бойынша тұман түседі, батыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста көктайғақ болады.
Ауа температурасы күрт өзгермейді, тек түнде шығыста ауа температурасы 17-25 градусқа дейін, оңтүстік-шығыста 10-25 градусқа дейін төмендейді, ал республиканың оңтүстігінде ауа температурасы күндіз 5 градустан 3-8 градусқа дейін көтеріледі.