Қазақстан бойынша 8 ақпан сәрсенбіге арналған ауа райы болжамы


  • Warning: file_get_contents(/home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/uploads/2023/02/speech-47883-1675833171-1.mp3): failed to open stream: No such file or directory in /home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/themes/news-theme/single.php on line 38
  • Прослушать

Гидрометеорологиялық орталықтың мәліметі бойынша, бүгін, 2023 жылғы 8 ақпанда ел аумағында қар жауып, бұрқасын, жаңбыр жауады деп күтілуде.

Еліміздің барлық дерлік аумағы бұрынғысынша циклонның ықпалында қалып отыр.

Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Республиканың солтүстік жартысында қар жауады, жаяу бұрқасын соғады, оңтүстікте жаңбыр мен қар жауады, күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында нөсер жаңбыр жауады.

Синоптиктердің болжамынша, еліміз бойынша жел күшейеді, тұман түседі, оңтүстік-батыста көктайғақ болады, күндіз оңтүстікте, батыста, Түркістан облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарда найзағай ойнайды.

Қазақстанның мегаполистеріндегі ауа райы

Астанада көшпелі бұлт шығады, ауық-ауық қар жауады.

Солтүстік-шығыстан 5-10 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 21-23, күндіз 15-17 аяз болады.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Ауық ауық тұман түседі. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде 3-5 аязда, күндіз 3-5 жылы болады.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыстан 8-13 м/с жылдамдықпен жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 2-4, күндіз 12-14 жылы болады.

Добавить комментарий