Қазақстан бойынша 27 қазанға арналған ауа райы болжамы

Қазақстанның гидрометеорологиялық орталығының мәліметінше, бүгін, бейсенбі, 27 қазанда Қазақстанның тоғыз өңірде ауа райы бұзылады деп күтілуде.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Тәулік бойы облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі.

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.

Қарағанды облысының солтүстік жартысында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі.

Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

27 қазанда Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында тұман күтіледі.

Абай облысының солтүстігінде, оңтүстік-батысында, орталығында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі

Маңғыстау облысында шығыстан жел соғады, облыстың батысында 15-20 м/с күтіледі.

Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында, орталығында түнде және таңертең тұман күтіледі.

Бұған дейін синоптиктер Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, арты қарға ұласады деп болжаған болатын.

Добавить комментарий