Бүгін 2023 жылғы 27 ақпан, дүйсенбі күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады деп күтілуде.
Атмосфералық фронталдық бөліктердің өтуімен республиканың батыс бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, елдің шеткі солтүстігінде қар жауады деп күтілуде.
Бірқатар өңірлерде тұман түсіп, жел күшейеді.
Дауылды ескертулер
27 ақпанда Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с.
Күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с .
Ақмола облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с күтіледі.
Түркістан облысының солтүстігінде, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с.
Қызылорда облысының солтүстігінде тұман күтіледі.
Павлодар облысының батысында, солтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Күндіз Қостанай облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, батысында екпіні 15-20 м/с.
Мегаполистердегі ауа райы
Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, күндіз минус 5-7 градус, түнде минус 13 градус болады.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, күндіз 3-5 градус, түнде минус 6-8 градус.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, күндіз плюс 9-11 градус, түнде минус үш градусқа дейін жетеді төмендейді.